
Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және жастардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғаудағы медициналық көмек мынадай міндеттерді қамтиды:
1) жастардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын, жауапкершілікті және саналы мінез-құлықты дамыту;
2) репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау бойынша консультациялық, емдеу-диагностикалық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ психоәлеуметтік және құқықтық қызметтер көрсету;
3) он жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мен жастар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында салауатты өмiр салтын насихаттау, ұрпақты болу және психикалық денсаулықты қорғау, оның iшiнде ерте жыныстық қатынастың алдын алу, отбасын жоспарлау, контрацепция құралдарын қолдану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, суицидтің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;
5) дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету;
6) қатыгездіктің, сондай-ақ жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбандарына медициналық көмек көрсету;
7) медициналық көмекті психологиялық қамтамасыз ету, әртүрлі өмірлік жағдайларда пациенттердің жеке және әлеуметтік бейімделуі;
8) құқықтық ағарту, ақпараттық-құқықтық көмек көрсету, медициналық көмек, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар, сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық жағдайлары бойынша консультациялық және әлеуметтік-құқықтық қорғау;
9) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және мінез-құлықтың қауіпті нысандары бойынша кеңес беру;
10) психологиялық көмек көрсету және ұйымдастыру;
11) жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жас факторларын ескере отырып, әлеуметтену және өзгермелі жағдайларға бейімделу деңгейін арттыру, қауіпті мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында психокоррекциялық көмек көрсету (топтық және жеке);
12) бейімделу бұзылыстары, әртүрлі стресс факторларынан туындаған бұзылулар, қиын өмірлік жағдайлар және басқа да қолайсыз факторлар, сондай-ақ бар қауіп факторлары мен қауіпті мінез-құлық жағдайында психотерапевтік көмекті (жеке және топтық) ұйымдастыру және/немесе көрсету;
13) психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар тұлғаларды анықтаған кезде және медициналық көрсеткіштері бойынша психикалық денсаулық кабинеттеріне, қалалық емханалар жанындағы алғашқы психикалық денсаулық орталықтарына немесе Психикалық денсаулық орталықтарына жіберу кезінде психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету; 14) ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, профилактикалық іс-шараларды үйлестіру, мониторингілеу, талдау және МХК желісін дамыту.







