Кинезотерапия – бұл қозғалыстарды, жаттығуларды, кешендерді саналы түрде орындауға негізделген науқастарды оңалту әдісі. Кинезотерапияның емдік әсерінің негізі – адам қимыл-қозғалыс актісін қалыптастыру мақсатында ми қыртысының бастапқы қозғалыс орталықтары мен мойын және бел аймағының екінші орталықтарын ынталандыру.
Кең мағынада кинезотерапияны емдік дене шынықтыру (ЕДШ) ретінде қарастыруға болады. Ол кейбір қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, инсульттің жедел кезеңінде де науқастарға ұсынылады.
Кинезотерапия белсенді және пассивті болып екіге бөлінеді.
Белсенді түрлеріне мыналар жатады:
-
емдік гимнастика;
-
арнайы тренажерларда спорт залдарындағы жаттығулар;
-
жаяу серуендер, скандинавиялық жүріс және т.б.
Пассивті түрлеріне мыналар кіреді:
-
механотерапия (жүктемені жеңілдететін тренажерлар арқылы қозғалыс);
-
әртүрлі массаж түрлері;
-
мануалды манипуляциялар;
-
инемен емдеу (иглоукалывание);
-
пассивті қозғалыстар;
-
бұлшықеттер мен байламдарға статикалық жүктеме түсіру үшін дене қалпын пайдалану.
Кинезотерапияның негізгі міндеті – дұрыс қозғалыс стереотиптерін қалыптастыру немесе қалпына келтіру. Науқас денесін қайтадан басқаруды үйренеді немесе қозғалыстарды қайта еске түсіреді.