Аурудың алдын алу – емдеуден оңай.
Кез келген инфекциялық аурудың отбасында, медициналық ұйымдарда немесе ұжымдарда таралуы үшін жеткілікті – бұл сау адамның қоршаған орта арқылы (ауа, су, топырақ, тағам, айналадағы заттар) инфекция жұқтырған адаммен немесе бактерия тасымалдаушымен байланыста болуы.
Егер осы байланысты үзсе, жұғу орын алмайды және инфекция отбасы мүшелеріне, медициналық мекемеге немесе ұжымға таралмайды.
Ол үшін мыналар қажет:
-
Инфекция жұқтырған науқасты үйде немесе инфекциялық ауруханаға оқшаулау. Отбасы мүшелерінің науқаспен байланысын шектеу, науқасқа күтім жасау кезінде қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперде, қолғап, дезинфекциялық құралдар). Науқасқа қызмет көрсеткеннен кейін қолды антисептикпен мұқият жуу.
-
Дене қызуы көтерілген, бас ауруы, жөтел, іштің ауруы, құсу, іш өту, қышыну, бөртпе сынды белгілері бар науқас жұмысқа, мектепке, халық көп жиналатын орындарға, соның ішінде емханаға бармауы тиіс.
!! Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз !! Міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз !! -
Үйге дәрігер шақырыңыз және оның барлық нұсқауларын орындаңыз.
-
Бактерия тасымалдаушысы жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, алдын алу емінен дер кезінде өтуі қажет.
Қоршаған орта факторларының зиянды әсерінің алдын алу:
Ауа.
Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз. Балабақшаларда, тұрғын үйлерде, кабинеттерде адамдар болмаған кезде ауаны кварцтау жүргізіңіз. ЖРВИ, тұмау, желшешек және басқа да вирустық инфекциялар өршіген кезеңде бетперде тағыңыз.
Халық көп жиналатын жабық орындарға (цирк, кинотеатр, дискотека және т.б.) баруды шектеңіз. Аурудың айқын белгілері бар адамнан кемінде 1 метр қашықтықта болыңыз.
Топырақ.
Жеке бас гигиенасын сақтаңыз. Көшеде жұмыс істегеннен немесе ойнағаннан кейін, дәретханадан шыққан соң, ас ішер алдында қолыңызды үнемі жуыңыз.
Бұл өткір ішек инфекцияларының, вирустық, паразиттік және жұқпалы тері ауруларының (қотыр, микроспория) алдын алудың алтын ережесі.
Су.
Ішуге тек тексерілген көздерден алынған су жарамды. Ашық су қоймаларынан, бұлақтардан, кейде құдықтардан алынған су санитарлық талаптарға сай келмейді және ішуге жарамсыз. Сумен жабдықтау жүйесінде апат болған жағдайда немесе ішек инфекциялары көбейгенде бөтелкедегі суды қолданыңыз.
Тағам.
Тағамдарды сақтау ережелері мен сату мерзімдерін қатаң сақтаңыз. Тағам сатып алғанда оның сыртқы көрінісіне, иісіне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаңыз.
Қоршаған заттар.
Кеңсе заттары, оргтехника, есік тұтқалары, қосқыштар, баспалдақ ұстайтын тұтқалар, ақша, ұялы телефондар, балалар ойыншықтары, үй жануарлары мен құстар – барлығы инфекция тасымалдаушысы бола алады. Оларға қол тигізгеннен кейін қолды сабындап мұқият жуыңыз. Үй жануарларын жылына кемінде бір рет ветеринар маманға көрсетіңіз.
Ауладағы, ауру немесе өлі жануарларға және құстарға жалаңаш қолмен тимеңіз.
Денсаулықты сақтау және иммунитетті көтеру:
-
Уақтылы екпе алыңыз (тұмауға және COVID-19-ға қарсы да қоса алғанда).
-
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз: дұрыс тамақтаныңыз; еңбек және демалыс режимін сақтаңыз; зиянды әдеттерден (темекі, алкоголь, есірткі) бас тартудың жеке үлгісін көрсетіңіз; күйзелістен аулақ болыңыз; дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысыңыз.
Емханаға жүгінген кезде:
-
Қабылдауға ертерек бармаңыз. Алдын ала телефон арқылы тіркеу бөліміне хабарласып, нақты уақытқа жазылыңыз. Бұл артық байланыстарды болдырмайды!!
-
Егер қабылдау тірі кезекпен жүргізілсе, оның нақты уақытын анықтап алыңыз!
-
Медициналық мекемеге келгенде жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтаңыз! Дәрігерлердің нұсқауларын мүлтіксіз орындап, дәрі-дәрмектер мен ем шараларын белгіленген уақытта қабылдаңыз. Бұл ем нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді!!!
-
Таныстардың кеңесімен емделмеңіз. «Кеңеспен» емделуге болатыны туралы міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз!!