Механотерапия – оңалтудың бір бағыты болып табылады, оның басты артықшылығы – бұлшықеттер мен ауырсынатын аймаққа күш түсірмей, буындарды дамытуға мүмкіндік беруінде. Арнайы құрылғылар мен жаттықтырғыштардың көмегімен дене жаттығуларын ұзақ уақыт бойы ауырсынусыз жасауға болады.
Бұл әдіс тірек-қимыл аппараты мен орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы бар науқастарды оңалтқанда кеңінен қолданылады. Әдетте, механотерапия эндопротездеуден кейінгі, жарақаттардың, инсульттің, невриттің, невропатияның салдарынан кейінгі жағдайларда тағайындалады.
Дозаланған, ырғақты қайталанатын дене жаттығулары буынның қозғалғыштығы төмендеген кезде оны «жұмсартуға» және қимыл ауқымын қалпына келтіруге көмектеседі.
– Маңыздысы, механотерапия хирургиялық араласулардан кейін бірден дерлік тағайындалады және тек ауырсыну мен ісінуді азайтып қана қоймайды. Ең бастысы – дозаланған қимыл белсенділігі аурудан кейінгі қалпына келу мерзімін едәуір қысқартады, – дейді Лилия Аллагужина. – Ауыр жарақаттардан кейін ісіну мен ауырсыну адамды буынды аялап, оны барынша жүктемеуден сақтандырады, бұл өз кезегінде кейін аяқ-қолды бүгу мен жазуға кедергі келтіретін жабысқақ тіндердің (спайкалардың) пайда болуына алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар, механотерапия мыналарға мүмкіндік береді:
-
бұлшықеттердің қозғалғыштығы мен беки түсуін қамтамасыз етуге;
-
жалпы жұмыс қабілетін арттыруға;
-
қан мен лимфа айналымын жақсартуға;
-
бұлшықеттер мен буындардағы зат алмасуды жақсартуға;
-
бұлшықеттер мен буындардың жұмысын қалпына келтіруге.
Әдетте, механотерапия емдік гимнастикамен, массажбен және әр науқасқа жеке көрсетілімдер бойынша таңдалатын басқа да физиотерапиялық процедуралармен бірге кешенді түрде жүргізіледі. Мұнда бәрі ескеріледі: жас ерекшелігі, кәсібі, жалпы жағдайы және тіпті науқастың дене дайындығы да.
